Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Бұған дейін ер адамның көлігі табылған. Ол ұлымен бірге су басқан үйін көруге шығып, із-түссіз жоғалғаны хабарланған еді.
Марқұмның қызы құзырлы органдар жоғалған адамдарды іздемейтінін алға тартты. Осыдан кейін қосымша күштер тартылды.
6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға 48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келген.
«Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 км қашықтықта табылды. 24 жастағы жігітті іздеу жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.
9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында «Рамазан» дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты.