Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс отырысында жергілікті атқарушы органдардың ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреттерін кеңейтуге қатысты жаңалық ұсынылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл жаңалық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде айтылды.
«Мұндай шешім өңірлерде ғылыми әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал ете отырып, ғылымның дамуындағы өңірлік ерекшеліктер мен қажеттіліктерді барынша ескеруге мүмкіндік береді. Сәйкесінше әкімдіктер өңірлердегі проблемаларды шешуде ғылыми зерттеулерді пайдалануға мүмкіндік алады», - деді депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар заң жобасына «ғылыми этика» ұғымы енгізілді. Бұл ұғым негізінде ғалымдар басшылыққа алуы тиіс этикалық қағидаттар, ережелер мен нормалар жиынтығын білдіреді. Бұл норма ғылыми зерттеулердің сапасы мен жауапкершілігін арттыруға, академиялық адалдық қағадаттарын сақтауға бағытталып отыр.