Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтар танымал сайт арқылы шабуыл жасауда
Жаңалықтар

Алаяқтар танымал сайт арқылы шабуыл жасауда

31.03.2021
1 мин
28
13500

Алаяқтар танымал OLX сайты арқылы қолданушыларды алдауда, деп хабарлайды Dauletten.kz «Нұр-Сұлтан» полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауарларды сату жайлы жарнаманы жүктегеннен кейін, алаяқтар сатып алушының атын жамылып, бір күндік нөмірлерді қолданып байланысқа шығады.

Хат алмасу барысында алаяқтар өздерінің басқа қалада екенін түсіндіріп, «жеткізу» қызметін пайдалануды ұсынады. Яғни, курьер өзі тауарға келіп, банк картасы арқылы төлем жасағаннан кейін сатушыдан тауарды алады.

«Бұл үшін алаяқтар сілтемені жібереді. Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ басқан кезде ол қолданушыны фишингтік сайтқа бағыттайды. Бұл сайтта сізді банктік карта, CVV-код, ЖСН көрсетілген сауалнама толтыруға, өтініш жіберуге және ақша аударымын күтуге шақырады. Сатушы өтініш жібере салысымен сіз көрсеткен барлық деректер фишинг-сайт арқылы алаяқтардың қолына түседі. Сонымен қатар, олар Интернет-банктік шотқа кіріп, ақшаға толық қол жеткізе алады және карталық шоттардағы қолда бар қаражатты лезде ұрлап алады. Ал алаяқтық веб-сайт бірнеше секундта бұғатталып, ізін жасырады», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері бұл алаяқтық схемадан жүзден астам елорда тұрғыны зардап шекті. Келтірілген шығын 2 миллион теңгені құрады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі азаматтарды банктік карточкалардың деректері мен жеке деректерін жарияламауға шақырады. Сілтемеге және сайттың шынайылығына назар аудару қажет. Фишингтік сайттардың атауында қосымша әріп немесе белгі бар. Әдетте, алаяқтар заттың күйін тексермей-ақ оны сатып алуға келіседі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
28 Пікір
А
Алёна 12.05.2021
Яя мен де алданып кала жазданым дал осылай. Жазу манералары оте сауатты утир нукте леп белгисине дейн. Сосын бирден кудик туды.
Жауап беру
Д
Даражат 31.07.2021
Мен карта номерин жазп койдым Енди оны Били койдыма
Жауап беру
А
Акмарал 14.04.2021
Милициялар таба алмайсыз булар россияда отырып Алдап отыр деп жылы жауып Коя салаты
Жауап беру
Г
Гульзат. С. 05.04.2021
Мені жұма күні түстен кейін Каспий банк перезагруска болып тұрғанда.алаяқтао мені алдап 57 мың ақшамды қолды қылды.102 звандадым.барып заявление жаздым.болды.Банк тым болмаса жарты ақшамды да қайьармайды.бір ай еңббектеніп тапқан ақшам еді.ішім ашиды
Жауап беру
А
Акманат 03.04.2021
Маған да осы жағдай кездесті . Бірақ Аллаға шүкір алданбай аман есен құтылдым. Шымкент қаласынанмын деген
Жауап беру
Д
Диана 03.04.2021
Маган да осылай еще канша ай бурын жасалды,бирак мен онын алаяк екенин тусиндим. Сонында жок затымды сатпаймын,баска калага жибере алмаймын деп едим аузына келгенди айтып уатсапта,еще маган акшамды кайтар каспи голдына жибердим деп мени киналап))). Мошенники,сол кезде денем туршигип кетти гой. 1-ши рет болыпты ондай. Сосын букил информацияны скриндеп отырмаса,барин минут отпей оширип тастайды.
Жауап беру
U
Ulia Smailova 02.04.2021
Мен осылай алдаанып калдым. Кымге хабарласып заявление жазуга болады?
Жауап беру
Г
Гулзат 01.04.2021
Маганда осылай жазган , бирак менде ондай сумма жок жане казир осындай алаяктар кобейип кеткен деп салган жокпын.басым истептида
Жауап беру
Н
Нұрсұлтан 01.04.2021
Берекесіз ақшаны қалай жұмсайды екен
Жауап беру
Д
Дана 01.04.2021
Ия сак болыныздар казыр еш кымге сенбейтын заман болды , сенетын адамдарында лактырып кетеды.
Жауап беру
Д
Дана 01.04.2021
Ия сак болыныздар казыр еш кымге сенбейтын заман болды , сенетын адамдарында лактырып кетеды.
Жауап беру
Г
Гуля 31.03.2021
Асқанға бір тосқан бар дейді.Ұрынаң тапқан ақшасында береке жоқ дейді..Қалвй келсе солай кетеді..Арты жаман, жазасы азапт...Құлақтарына жаман атты ұрылардың алтын сырға...ы
Жауап беру
И
Индира 31.03.2021
Оте сак болыңыздар! Мен де алданып кала жаздадым. Картамнын коды мен арт жагындагы cvv айтып едым сол мезетте каспий аркылы пин код озгертесыз бе деген хабарлама келды. Сойтсем олар менын счетымнан акша шешкейы жатыр екен. Дереу карточкамды блокировать етип улгердым. Ешкашан карточканын данныйын ешкимге айтпаныздар. Сабак болды маган
Жауап беру
Т
Толеугайша 31.03.2021
Маганда звандаган карточка номерин арткы жагындагы кодты сурады интернет пакупканы ашыныз негурлым улкен суммага ашыныз деди мен маган наличка бер деп едим српзу звандаганын да жазганында койды сол ушин абай болыныздар
Жауап беру
С
Сауле 31.03.2021
Мағанда хабарласып ақшамызды zolx аударып таварды почта дан салып жібер деп мен сенбпдім удастварение түсір көрсет десем содан жоқ болды.
Жауап беру
А
Азиза 31.03.2021
Ия,дұрысқой,алдын алғаның үшін рахмет
Жауап беру
М
Мен де Олх тан жумыс издегем бассам иин ди жибер удос жибер деп ашпаиды 31.03.2021
Алла саактасын
Жауап беру
А
Азиза 31.03.2021
Ия,дұрысқой,алдын алғаның үшін рахмет
Жауап беру
А
Азиза 31.03.2021
Ия,дұрысқой,алдын алғаның үшін рахмет
Жауап беру
А
Асель 31.03.2021
Иа бизде алданып калдык 16000 тг ге
Жауап беру
Г
Гульзира 31.03.2021
Рахмет.Оте керек акпарат
Жауап беру
И
Индира 31.03.2021
Мен алдандым сол олхтен детский шкаф сатамын деп. 1 карточкадан 32000, 2 карточкадан 35000, ещё 2 айдан кейін қайтадан 12000тг бир ойын ойнататын сайтка салып алған. Құдайы садақа деп қойдым. Сосын карточканын барлығын ауыстыруға тура келді өйткені барлық информация колдарында бар тагыда олар шешип алмасына кiм кепіл. Алла тағала шебер ғой жакында Алматы каласында сол жолмен ақша тауып пайдасын асырып жүрген хакер ұсталды деп естигенде куандым. Бұл карточканын информациясын ешкимге айтпау керек деген сабақ болды. сабақ болды
Жауап беру
Г
Гуля 31.03.2021
Ия менде толтырып беріп, бірақ шотта ақша болмай қалды да аз сумма болса да салуымды сұрады комиссионный деген сияқты нәрсені айтып. Карточкамды ауыстыруға тура келді.
Жауап беру
А
Айнур 31.03.2021
Менде тура осылай олхтан алданып қалайын дедім
Жауап беру
Н
Нұрбол 31.03.2021
Каспий десен өтірік жауап бермейді соткасына звандасам байланыс айасынан тыс жерде өтірік ремонтта жатыр деп құлақтан тебеді компьютермен отырмын деп уатсапта звандасаң алмайдф
Жауап беру
М
Мағанда олхтан жіберген типа почта арқылы менде осыдан екі бұрын түсіп қала жаздағам 31.03.2021
Нұрбол
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл