485.82
554.03
6.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Араға 20 жыл салып «Қан мен тер» қайта сахналанды
Жаңалықтар

Араға 20 жыл салып «Қан мен тер» қайта сахналанды

29.06.2026
мин
0
226

Астанада «Қан мен тер» спектаклінің жаңа қойылымының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әйгілі "Қан мен тер" романы желісімен дайындалған жаңа спектакльдің премьерасы өтті. Театрдың 35-маусымын қорытындылаған айтулы мәдени шараға өнер және әдебиет өкілдері, театрсүйер қауым мен қала тұрғындары жиналды.

Жаңа қойылым қазақ прозасының ең көрнекті туындыларының біріне тың сахналық шешім ұсынып, шығармадағы тарихи оқиғалар мен адам тағдырын бүгінгі көзқараспен қайта пайымдайды. Спектакльде Еламан, Ақбала және Тәңірбергеннің өмір жолы арқылы әділдік пен билік, махаббат пен сатқындық, адамдық таңдау мен заман қайшылығы секілді мәңгілік тақырыптар терең көрініс тапқан.

Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Сахналық нұсқасын Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов әзірлеген. Спектакльдің көркемдік шешімінде сценография, музыка, хореография және жарық беру тәсілдері үйлесім тауып, шығарманың драмалық табиғатын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.

Режиссердің айтуынша, шығарманы сахнаға дайындау барысында 100 пайыз негізгі ой сақталған.

Премьера алдында өткен баспасөз кездесуінде шығармашылық топ қойылымның көркемдік тұжырымдамасын таныстырып, театрдың 35 жылдық мерейтойына арналған алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында театр ұжымы журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.

20 жылдан соң қайта сахналанған қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл