| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласының маңындағы Қайнарбұлақ шағын ауданында қайғылы өрт оқиғасы болып, көпбалалы ана қаза тапты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы әйел үй ішінде болған сәтте өрт тұтанып, жалын тез арада күшейіп кеткен. Оны құтқаруға жақындары, соның ішінде 17 жастағы ұлы да әрекет еткен. Әйел ауыр күйік алып, дәрігерлердің көмегіне қарамастан ауруханада көз жұмды. Марқұм сегіз баланың анасы болған, отбасымен бірге үй жанынан шағын цех ұйымдастырып, тігін ісімен күн көріп жүрген.
Тілсіз жау алдымен мақта сақталған бөліктен басталып, қысқа уақыт ішінде тұрғын үйді толық шарпығаны айтылады. Қайғылы жағдайға байланысты отбасы үлкен қасіретке душар болып отыр.