Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді
Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

30.04.2024
1 мин
0
1412
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте айтылды. 

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі, 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда», - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова  ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы. Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы.

30 сәуір - 04 мамыр аралығында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың су көлемі көбеюі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл