Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнет жасы қысқаруы мүмкін: қай сала мамандары жеңілдік алады?
Жаңалықтар

Зейнет жасы қысқаруы мүмкін: қай сала мамандары жеңілдік алады?

08.01.2026
мин
0
1291
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын мамандар үшін зейнет жасын төмендету ұсынылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңа кезеңде бірнеше маңызды өзгерістер қарастырылуда. 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспар фермерлер мен малшыларға жеңілдетілген несие, жайылымдарды тиімді пайдалану және әлеуметтік қолдау шараларын енгізуді көздейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында министр Айдарбек Сапаров, сала өкілдері және сарапшылар жоспар жобасын талқылады. Кездесу барысында фермерлерге қаржылық және әлеуметтік қолдауды күшейту, өндіріс көлемін арттыру және экспорттық әлеуетті дамыту мәселелері басты назарға алынды.

Жоспарға сәйкес:

Асыл тұқымды мал сатып алуға 6% жеңілдетілген несие беріледі;

Барлық бағыттағы мал шаруашылығы үшін айналым қаражатын 5% несиемен толықтыру қарастырылған;

Несие жем-шөп, жанар-жағармай, дәрі-дәрмек және өндірістік шығындарға жұмсалуы мүмкін.

Сонымен қатар, жайылымдарды тиімді пайдалану, мал өнімдерін терең өңдеу, цифрлық бақылауды енгізу және ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту шаралары жоспарланған.

Әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған: қойшылар мен бақташылар үшін зейнет жасын төмендету, әскерге шақыруды кейінге шегеру және олардың балаларын білім гранттарына басымдықпен орналастыру ұсынылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері жоспарды бірауыздан мақұлдап, фермерлердің пікірін ескере отырып, бағдарламаны іске асыруды қолдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл