458.85
503.5
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жастарға жеке шекараны қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді
Жаңалықтар

Алматыда жастарға жеке шекараны қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

26.11.2026
0 мин
0
118

Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

25 қарашада Алматы логистика және көлік колледжінде ұйымдастырылған кездесуде адам құқықтарын қорғау, жеке шекараны сақтау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырды. Оған Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілдері, полиция қызметкерлері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, қудалау, психологиялық қысым көрсету және мұндай әрекеттер үшін заңда көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарына тоқталып, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары туралы практикалық кеңестер берді.

Сонымен қатар жеке шекараны құрметтеу, өзгенің құқығына қол сұқпау және зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде анықтау мәселелеріне назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қағидатын нығайтуға және қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл