Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда бірқатар шай өнімін әкелуге және сатуға тыйым салынды
Жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар шай өнімін әкелуге және сатуға тыйым салынды

06.01.2026
мин
2
590
Сурет: gov.kz

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ел аумағында бірқатар шай өнімін әкелуге және сатуға тыйым салу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құжатта көрсетілгендей, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы филиалдары жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде шай өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған.

Атап айтқанда, сатып алу арқылы жүргізілген мемлекеттік бақылау барысында шай үлгілерінің құрамында шай өнімдерінде қолдануға тыйым салынған тағамдық бояғыштар — сары «күннің батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) табылған. Сонымен қатар өнім қаптамасында көрсетілген кейбір өндіріс объектілерінің іс жүзінде болмауы және таңбалау талаптарының бұзылуы анықталған.

Аталған фактілер Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012), сондай-ақ «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» (022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына қайшы деп танылған.

Осыған байланысты Қазақстан аумағына келесі шай өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салынды:

  • «Апамның шәйі Premium gold»;

  • «Al-Hayat Gold»;

  • «БАЛҚИЯ Premium gold»;

  • «Pakistan tea»;

  • «Alfarah»;

  • «Aje Onim»;

  • «Орда Кения»;

  • «Аль-Кайрат шәйі Premium gold»;

  • «Al-Jannat Premium»;

  • «Sultan Suleyman».

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шешімді ресми сайтта жариялап, мүдделі мемлекеттік органдарға, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарлауы тиіс.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, ал оның орындалуын бақылау комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гүлнар 06.01.2026
Өте дұрыс шешім????
Жауап беру
С
Сауле 06.01.2026
Сапасы нашар шайга,сары боягышты косып жиберип,неше турли атаумен,бир сорттагы шайлар шыгып кетти гой.Сауап болган.Мулдем тыйым салынсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл