Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 орта мектеп директорының балаларды соққыға жығып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталған жайт туралы Podrobno.uz сайты мәлім етті. Бұл оқиға қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Балалар омбудсменінің назарына ілікті.
Оқиға 8-сынып оқушысының сабақта пиротехникалық заттарды қолдануынан кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, директор тәрбие беру мақсатында тағы бірнеше оқушыға күш қолданған.
Білім бөлімі мен аудандық ішкі істер басқармасынан құрылған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Ресми органдар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне тыйым салынғанын және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста әдеп нормаларының сақталуы қажет екенін мәлімдеді.