Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алғашқы медаль Франция еншісінде. Қазақстан үздік бестікте.
Жаңалықтар

Алғашқы медаль Франция еншісінде. Қазақстан үздік бестікте.

09.09.2024
мин
0
834
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметінен

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздар белгілі болды.

Жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар
11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медаліне ие болды. Күміс жүлдені Моңғолия Altankhuyag Nergui иеленді. Ал қола медаль Франция елінен Gaëtan Blot алды, деп хабарлайды Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі. 

Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке қатарына енді.

«Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлығын атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындары болғандықтан көп қатысушы келді. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік», – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Айта кестек, Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетті. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген. 

Спортшыларымыз алдағы үш күн 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша бақ сынасатын болады.

Ат үстінде садақ атудан халықаралық альянс президенті Аллан Ле Галл Қазақстан құрамасы жамбы атудан мықты командалардың бірі екенін атап өтті.

«Қазақстан құрамасы былтыр Монғолияда өткен әлем чемпионатында екінші орын алып, мықтылығын көрсетті. Қазақ стилі бойынша ұтатын шығар. Дүбірлі доданың атмосферасы бізге қатты ұнап жатыр. Бізді тамаша күтіп алды. Астанада өзімізді құрметті қонақ сезініп жатырмыз. Олимпиада ойындарында жүргендейміз», – деді Аллан Ле Галл.

Еске сала кетсек, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 қатысушы тіркелді. Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл