| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы мен Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз таратуға қатысты бірқатар фактілердің жолын кесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның автокөлігін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 130 орама табылып, тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында да есірткі құралдары анықталған. Сонымен қатар электрондық таразы, қаптама материалдары және тыйым салынған заттарды бөлшектеп орауға арналған өзге де құралдар тәркіленді.
Бұдан бөлек, Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі партиясы жасырылған орын анықталды. Полиция қызметкерлері жалпы көлемі 2 килограмм мефедронды тәркіледі. Бұл шамамен 10 мың бір реттік дозаға тең.
Полицияның жедел әрекетінің арқасында аталған есірткі партиясы заңсыз айналымға түсіп, тұтынушыларға жеткен жоқ. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.