Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының тұрғыны ауылдасының 12 млн теңге тұратын 14 жылқысын еркін жайылымнан ұрлап, бір бөлігін сатып жіберген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды.
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Даниярдың сөзінше, келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері "ізін суытпай" күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
- Күдікті ұрланған жылқылардың бір бөлігін сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың қалғаны қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, – деп толықтырды А.Данияр.
Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау шарасын белгіледі. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жалғасып жатыр.