Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында газ жарылысынан әйел қаза тауып, отбасы үйсіз қалды
Жаңалықтар

Алматы облысында газ жарылысынан әйел қаза тауып, отбасы үйсіз қалды

05.11.2024
1 мин
0
75
Сурет: видеодан алынған кадр

Алматы облысында тұрмыстық газ жарылысынан әйел қаза тауып, оның жұбайы ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, үйге газды 1 қараша кешкісін қосқан, ал түнге қарай жарылыс болған. Оқиғадан бұрын түсініксіз дыбыс естілген, бірақ үйдегілер оған мән бермеген.

- Мен сырттан келіп, үйге кіргенде, бір дыбыс шықты. Анамнан не дыбыс екенін сұрадым. Ол газ орнатылғанын, есептегіштің жұмыс істеп тұрғанын айтты – сол себепті дыбыс шығып жатыр деді. Інім екеуміз менің бөлмеме кірдік, жарықты жаққан соң жер сілкінгендей болды. Барлық қабырғалар құлады, сол жерден шықтық. Інім мені сүйреп алып шықты, - деп еске алады қайтыс болған әйелдің қызы Еркежан Әлиева.

Қыздың әкесі әйелін құтқаруға тырысқан, бірақ түтіннен есінен танып қалған. Оған көршісі көмекке келіп, отбасын басшысын алып шыққан, бірақ оның жұбайын құтқару мүмкін болмаған.

- Мәселе – немқұрайлықта. Жұмысшылар келіп, бәрін жасады, “Дайын” деп кетті. Газдың шығып жатқанын тексермеген. Үйдің ішінде газ жиналған болып шықты. Бірақ біз ауада газ бар екенін білмедік, - деді қазіргі уақытта көптеген күйікпен ауруханада жатқан үй иесі.

Газды қосу жұмыстарын жеке компания қызметкерлері атқарған. Компания өкілі үй иелері жұмысшылардан тек белгілі бір бөлігін ғана орындауды сұрағанын айтты. Ұйымның айтуынша, жұмысшылар тарапынан қателік болмаған.

- Үй иелері біздің жұмысшылардан тек газды плиткаға жеткізуді сұрады. Қалғанын өздері жасаймыз деді. Газдың шығып жатпағанын тексерген. Ешқандай газдың шықпағаны анықталды,  - деді “ГазПроектСтрой” компаниясының директорының орынбасары Елдар Қожаев.

Құтқарушылардың алдын ала нұсқасына сәйкес, жарылыс үйде болған газ баллонынан газдың шығуынан орын алған. Қайғылы оқиғаның нақты себебін сарапшылар 10 күн ішінде анықтайды.

Қазіргі уақытта отбасы – жарақат алған әке және 13 пен 20 жастағы екі бала – баспанасыз қалды. Олардың үйі ішінара қираған, үлкен бөлігі өртеніп кеткен.

- Тергеу жұмыстары басталды. Тексеру нәтижелері бойынша сот шешімі шығарылады. Мұндай жағдайда бюджеттік қаржыландыру қарастырылмаған. Сондықтан отбасыға көмек көрсету үшін жеке демеушілерді қарастырып жатырмыз, - деді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Есенбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл