Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИЯ ҚҰРЫЛАДЫ
Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯ ҚҰРЫЛАДЫ

17.07.2024
мин
0
738

Қалада Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы іске қосылуда.

Жобаның мақсаты – Алматы қаласында жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеу мақсатында тиімді, сапалы және нәтижелі топтық талқылауларды ұйымдастыру.

Жоба аясында Алматы қаласының жастар ұйымдарын оқыту бойынша арнайы академия құрылады. Академия модулдік бағыттар бойынша, түрлі тақырыптарда жастар мен жастар ұйымдары мүшелерін оқытады. Академия жобаны басқару, ҮЕҰ ұйымдық-институционалдық дамыту, гранттық өтінімдер толтыру, қаржылық және шығармашылық менеджмент бағыттарын қамтиды. Бұл курс өз қызметін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның барлық өкілдері үшін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу жолын таңдап, оларды қалай сапалы және тиімді жүзеге асыруды білмейтін жастар үшін өте пайдалы және маңызды болады.

Аталған жоба Алматы қаласының 8 ауданында өткізіледі. Жоба барысында дөңгелек үстел, форсайт сессия ұйымдастырылады. Сонымен қатар ҮЕҰ бойынша бейнероликтер түсіріліп, талдамалық анықтама жасалынады. ҮЕҰ-дың басшылары мен мүшелерін оқыту үшін жоғары білікті мамандар мен сарапшылар тартылып, оқу жоспарын жүргізетін болады. Жоба аясында 400-ден астам жас білімін жетілдіреді деп күтілуде.

 Айта кетейік, Алматы қаласы жастары үшін оқыту ТЕГІН жүргізіледі.

Алматы қаласының жастар ұйымдары академиясы оқуға қатысқысы келетіндердің барлығын өз курстарында күтеді. Толық ақпарат ulesqos.kz сайтында. Байланыс үшін: жоба менеджері Жақсыбай Жұлдыз +7 702 862 9792.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл