Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Полицейлер Алматыда жауған қардан кейінгі жол апаты туралы айтты.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы тәулікте жағдайға мониторинг жүргізілген.
«16 қараша таңғы сағат 08:00-ден 17 қараша таңғы сағат 08:00-ге дейін 136 жол апаты тіркелді. Оның 26-сы зардап шеккен. Қаза тапқандар жоқ», - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының кезекші бөлімі.
Осыған байланысты полицейлер алматылық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және абай болуға шақырады.
«Бұл үндеу негізінен қауіп төндіретін көлікті басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Сондай-ақ ол көліктегі жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды.
«Ауа райының нашарлауына және қар түріндегі жауын-шашынға байланысты ауа температурасы минус деңгейге дейін төмендейді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы түріне ауыстыруды ұсынамыз», - деп түйіндеді Ұзабаев