Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыған дейін ведомство өкілдері Алматы тауларында ресейлік туристің жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.
"Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын. Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді", - делінген хабарламада.
Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталып жатыр.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.