Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы бойынша жастарға арналған жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға бағытталған «Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.
Биыл жас мамандар баспана бағасын 18 млн теңгеге дейін ала алады. Алғашқы жарна баспана бағасының 10%-ін құраса, белгіленген пайыздық мөлшерлеме 5%.
Бағдарламаға 35 жасқа дейін (қоса алғанда) денсаулық сақтау, білім саласындағы мамандар, мәдениет және спорт, БАҚ өкілдері, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары қызметкерлері қатыса алады.
Өтініштер 10 наурыздан бастап 31 наурыз аралығында www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы қабылданады. Үміткерлердің тізімі балдық жүйе арқылы есептеледі.
Еске сала кетейік, аталмыш бағдарлама 2017 жылы басталған. Биыл бағдарлама аясында мыңға жуық педагогтер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет қызметкерлері, спортшылар, әлеуметтік және құқық қорғау органдарының жас мамандарын тұрғын үймен қамту көзделген.
Тағы көру