Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Ақсай-4” шағынауданында орналасқан “Арыстан” базарының бір бөлігі сот шешімі негізінде бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесінде базардың бір бөлігі ешқандай рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Осыған байланысты “Фирма Тигрохауд” ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.
Басқарма заңсыз салынған нысандарды бұзу туралы талап арызбен аудандық сотқа жүгінген. 2024 жылдың 1 наурызында сот 2125,62 шаршы метр аумақтағы базардың бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарған. Бұл шешім 2024 жылдың 19 шілдесінде Алматы қалалық сотында күшінде қалдырылды.