461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «Jas Fest» мерекелік мәдени-бұқаралық іс-шарасы өтті
Жаңалықтар

Алматыда «Jas Fest» мерекелік мәдени-бұқаралық іс-шарасы өтті

01.07.2026
мин
0
27

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай «Jas Fest» мерекелік мәдени-бұқаралық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру,  балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау арқылы қоғамдық бірлік пен елжандылықты нығайту болды.

«Jas Fest» аясында Жетісу ауданының тұрғындары мен қала қонақтарына арналған мәдени-шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдердің өнерін көпшілікке таныстыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мерекелік бағдарлама бірнеше бағытты қамтыды. Атап айтқанда, балалардың салған суреттері, қолөнер бұйымдары мен спорттық жетістіктеріне арналған көрме бұрыштары ұйымдастырылып, балаларға тәлім-тәрбие беріп жүрген үздік демалыс орталығы жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен қатар арнайы қонақтардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи маңызы, оның қоғамдағы рөлі және ел дамуы үшін маңыздылығы туралы пікірлер айтылып, жастарға арналған мотивациялық сөздер ұсынылды.

Мерекелік кештің басты бөлігі – концерттік бағдарлама болды. Оның аясында балалар мен жасөспірімдер вокал, хореография, театр және музыкалық бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Жетісу ауданындағы демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Қатысушылар үшін ойын-сауық және интерактивті алаңдар жұмыс істеді. Балалар мен ата-аналар спорттық, логикалық және шығармашылық ойындарға қатысып, квесттерге, қолөнер шеберлік сабақтарына және аниматорлар ұйымдастырған түрлі белсенділіктерге қатысты.

Іс-шараға жастар ұйымдары, еріктілер, ата-аналар қауымдастығы, педагогтер, демалыс орталықтарының қызметкерлері, аудан тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

«Jas Fest» – жас ұрпақтың шығармашылығын қолдайтын, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін және қоғамдық бірлікті нығайтатын мәдени алаң ретінде өз мәресіне жетті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл