Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда кішкентай қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты
Жаңалықтар

Алматыда кішкентай қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

06.02.2023
1 мин
2
1184

Алматыда 11 жастағы қыз балаға шұғыл ота жасалды. Оныңасқазанында шаш жиналған болып шықты.

Бүлдіршін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. 

"Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды", - дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазан көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын байқаған. 

«Зерттеу нәтижесі асқазан қуысында көлемді түзілістің барын көрсетті: асқазанда көптеген гетерогенді бөлшектен, шаш өрімінен және шырыштан тұратын және асқазанның бүкіл көлемін толтырып тұрған лас қара түсті бөгде дене анықталды. Қорытынды диагноз – асқазанның трихобезоары», - деді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Дәрігерлер қызға наркозбен лапаротомия, гастротомия, асқазаннан бөгде затты алып тастау отасын жасады.

«Асқазан қуысында 16х6х5 см, салмағы 1000 г үлкен көлемдегі тығыз, көптеген шаштан тұратын тамақ массасы мен шырыш жабысқан конгломератпен бейнеленген бөтен дене, трихобезоар табылып, шығарылды», - деді БШМККО балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.

Фото: nege.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айка 07.02.2023
Бүлдіршін 11 жаста ма? Жеткіншек шығар?
Жауап беру
Е
Ерсін Бақытбекұлы 06.02.2023
Мен Алматыда столовойда жүмыс істеймін, бір күні алтын орда базарынан әкелінген көгеністің іші толған шаш болып шықты. Кәзір тамақ жасағанда абай болу керек , меніше сондай шашы бар бірдеңе жеп қойған ау. Өзбектерден келген көгеніс болған еді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл