Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда “Matic Basket” қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді
Жаңалықтар

Алматыда “Matic Basket” қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді

14.07.2025
1 мин
0
172
Сурет: ашық дереккөз

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Matic Basket" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұйымдастырушылар өздерін "YouTube", "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды "Basket" жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл