| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Адам ресурстары «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі мен Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен Астана күніне орай «Менің туым» патриоттық акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – Астана күнін кеңінен насихаттау, жастар мен қала тұрғындарының бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру және ұлттық бірлікті нығайту.
Іс-шара барысында Алматы қаласының метрополитенінде жолаушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тулары таратылып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйланды. Акция қатысушылары қала тұрғындарына Мемлекеттік Тудың маңыздылығы туралы айтып, көк Туымыздың тәуелсіздік, ел бірлігі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты нышандарының бірі екенін атап өтті.
Акция барысында жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеуге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және елорда күнінің тарихи маңызын кеңінен насихаттауға ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік Ту – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын маңызды мемлекеттік рәміздердің бірі. Сондықтан акция арқылы қала тұрғындарының назарын елдік құндылықтарға аударып, өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
«Менің туым» патриоттық акциясы қоғамда позитивті патриоттық көңіл-күй қалыптастырып, ұлттық бірлік пен елге деген мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етті.
Акция қорытындысында қала тұрғындары мен жастар арасында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін арттыруға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге және Астана күнінің маңыздылығын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды.