| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда қоғамдық тамақтану орындары кәріз жүйесіне түсетін май қалдықтарын азайту үшін май ұстағыш құрылғыларды дұрыс пайдаланып, уақытылы тазалап отыруға міндеттеледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда қоғамдық тамақтану орындары үшін өндірістік ағын суларға қатысты талаптар күшейтіледі. Енді мейрамхана мен дәмхана иелері май ұстағыш құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін және уақтылы тазалануын қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорнының қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Жандос Тәкібаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа талаптар қаладағы кәріз жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
«Барлық мейрамхана мен дәмхана май ұстағыштарды дұрыс пайдаланып, оларды уақытылы тазалауды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар орталық кәріз жүйесіне төгілетін өндірістік ағын суларға және жергілікті тазарту құрылыстарын пайдалануға қойылатын талаптар да күшейтіледі», – деді Жандос Тәкібаев.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері Алматыдағы 300 автожуу орны алғаш рет айналымдық немесе қайта пайдаланылатын сумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Маманның сөзінше, бұл шаралар қалалық кәріз жүйесіне түсетін салмақты азайтып, ағын суларды тазарту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.