Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының Боралдай кентінде үшінші теміржол вокзалы ашылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық мәслихаттың XXV сессиясында мәлімдеді.
Алматы-3 теміржол вокзалының құрылысын «Қазақстан темір жолы» АҚ ұсынды.
Мұхит Әзірбаев атап өткендей, бұл жолаушылар ағынын азайтуға мүмкіндік береді.
«Қазір Боралдай ауданында магистральді жолдар салу көзделуде. Жаңа вокзал Алматының барлық батыс ауданын қамтиды. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары Алматы-2-ге кірмей-ақ, уақытты үнемдей отырып, қалаға жете алады», деді ол өз сөзінде.
Әкім орынбасарының айтуынша, бұл негізгі станцияны жеңілдетеді және Баум тоғайы арқылы екінші тармақ салудың қажеті болмайды.