Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 16 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумын өткізеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл форум — ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларын біріктіретін бірегей алаң.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, әкімшіліктердегі білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысады.
Форум оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстыруға арналған ашық алаңға айналады. Мұнда олардың дайындық деңгейі бағаланып, жетекші ғалымдар мен сарапшылар тарапынан кәсіби пікірлер ұсынылады. Сонымен қатар STEM білімін дамыту, халықаралық тәжірибені орта білім жүйесіне енгізу және Қазақстандағы мектеп ғылымының болашағы сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланатын болады.
Форум бағдарламасы мыналарды қамтиды:
• Мектеп оқушыларының ғылыми және инновациялық жобалары мен әзірлемелерінің көрмесі;
• "Зияткер" атты интеллектуалдық командалық сайыс;
• Академик Қ.И. Сәтбаев, археология және Қазақстан ғылымы тарихы музейлеріне экскурсия;
• Отандық және шетелдегі жетекші жас ғалымдар мен академиктердің баяндамалары мен мастер класстар;
• Жас зерттеушілердің баяндамалары мен өз жобаларын таныстыруы;
• Жас зерттеушілер форумы аясындағы байқаулар жеңімпаздарын марапаттау рәсімі;
• "Қожа – жаңа саяхат" фильмінің көрсетілімі.
Форум нәтижесі бойынша ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Жас зерттеушілер академиясы құрылатын болады.