Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.
"Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемін 112,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Қазір деректерді қайта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Өсеров.
Сондай-ақ:
Әкім орынбасарының айтуынша, әкімшілік ғимараттарға келген шығын 22,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде:
"Материалдық-техникалық шығын 16,7 миллиард теңгені құрайды. Полиция департаментінің жабдықтары мен қару-жарағына көп шығын келген (16 миллиард теңге). "Сергек" жүйесі бойынша шығын алдын ала 250 миллион теңге деп есептеліп отыр. Мемлекеттік және жекеменшік көліктердің шығыны – 1,9 миллиард теңге. Зардап шеккен қызметкерлерге берілетін өтемақы 617,5 миллион", - деді әкім орынбасары.
Айтуынша, Алматы бойынша тәртіпсіздік кезінде ең көп шығын Алмалы ауданына (20,5 миллиард теңге) келген. Одан кейін Әуезов (20,1 миллиард теңге), Бостандық (17,3 миллиард теңге) ауданы тұр. Ең аз шығын келген аудан – Наурызбай ауданы.