Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы тұрғындарына кәсібін дамытуға 5 млн теңгелік 100 грант беріледі. Байқауға құжаттар 14-18 қазан аралығында қабылданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалада кәсіпкерлікті дамытуға қатысты байқау жариялады. Байқауға өтінім мен құжаттарды 14-18 қазан аралығында өткізуге болады.
Байқауға құжаттар, өтінімдер "Электрондық үкімет" веб порталында орналасқан, "Kezekte.kz" ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға беріледі. Конкурстың жалпы бюджеті – 500 млн теңге, – делінген Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарламасында.
Басқарма өкілдері 18 қазаннан кешіктіріліп түскен өтінімдер қабылдауға алынбайтынын ескертті.
Байқаудың мақсаты – қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау және қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.