Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алты ай төлемақы алуға болады: жұмыссыз қалғанда қайда жүгіну керек
Жаңалықтар

Алты ай төлемақы алуға болады: жұмыссыз қалғанда қайда жүгіну керек

27.10.2021
1 мин
16
6235

Бүгінде жұмыс істейтін қазақстандықтар алатын жалақының 3,5 проценті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылып отырады. Оны жұмыс беруші өз ақшасынан төлейді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасына сәйкес, адам жұмысынан айырылып қалса, қордың есебінен әлеуметтік төлемдер жасалады. Sputnik Қазақстан жұмыссыздарға берілетін төлемақыны алу тәртібін ұсынады

Әлеуметтік төлем ұзақ төлене ме

Заң бойынша жұмыстан босатылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы екі жылдағы табысына байланысты болады. Бірақ жоғалған кірістің 40 процентінен кем болмауы тиіс.

Мысалы, жұмыссыз қалған адамның жалақысы 150 мың теңге, ал сақтандыру қорына аударымдар 10 жыл бойы жасалса, онда оған жұмыссыз адам ретінде ай сайын 66 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлем жасалады.

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек

Бүгінде жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін электронды үкімет порталын пайдалануға болады.

  • eGov.kz порталында авторизация жасау;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық бағанды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет.

Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеуге тұруға мүмкіндік бар.

Жұмыстан бас тартуға болмайды

Әлеуметтік төлемді тағайындаудың тағы бір шарты бар. Оған сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығы бір күн ішінде адамның тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орындарын ұсынуы мүмкін. Одан бас тартуға болмайды.

Ал жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары хабарласып, қосымша ақпарат сұрауы мүмкін.

Осы қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы алуға да болады. Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін ұялы телефонға SMS жібереді. Жұмыссыз адам келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беруі қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Қандай құжаттар ұсынылады

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • Өтініш;
  • Банктегі есеп-шоттың нөмірі.

Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына адамның жұмысқа тұрғаны туралы мәлімет түскен бойда төлем жасау тоқтатылады. Сондай-ақ, бірнеше жағдай ескеріледі.

Олар:

  • төлем алушының қайтыс болуы;
  • зейнеткерлікке шығу;
  • әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беру;
  • жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар тізімінен шығу;
  • жалған ақпарат беру.

Жұмыссыз ретінде тіркелген адам жалған ақпарат беріп, әлеуметтік төлемді алса, оны қайтаруға тура келеді.

Қанша адам төлем алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл 1 қыркүйекке дейін 58,8 мың адамға алғаш рет жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамға жеткен.

Бұдан бөлек, электронды еңбек биржасы арқылы мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары) тұрғандар аз емес.

Айта кетері, былтыр жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдауды жеңілдету үшін электрондық еңбек биржасын сынақтан өткізді. Биыл мамырдан бастап осы қызмет барлық қазақстандыққа қолжетімді.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
16 Пікір
Р
Райхан 02.01.2022
Айлық жалақыдан шамалы мөлшерде саламын
Жауап беру
Ә
Әсем 15.12.2021
Жаксы акпарат еткен
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 02.11.2021
Депозит ке ақша саламын кейде ауыспай қалады айлығым
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 02.11.2021
Депозит ке ақша саламын кейде ауыспай қалады айлығым
Жауап беру
Б
Багила 31.10.2021
Мен гпх мен фельдершер қызметінде жұмыс істеп, қараша айынан бастап қысқартылып қалдым. Маған қандай төлем төленеді?
Жауап беру
К
Күлшат 29.10.2021
вакцина болмаса жұмысқа алмайды ғо
Жауап беру
Л
Лида 29.10.2021
Жумыссызбын
Жауап беру
Ж
Жұмаділә 29.10.2021
Мен вахтада жұмыс жасаймын Алматы каласын да қазір ауырып жатыр едім қандай көмек бере аласыз дар
Жауап беру
М
Мухаббат 29.10.2021
Мен кезекте турамын . Бырақ атымызға 2 жыл бурын досымыздың уйнин 2 айда қайта өз аттарына аударды . Калай алуға болады?
Жауап беру
Г
Гульжазира 29.10.2021
Счетим арестте тур
Жауап беру
А
Асем 28.10.2021
Ақша жетпейді
Жауап беру
Ж
Жанар 28.10.2021
Көп рахмет өте пайдалы кеңес
Жауап беру
М
Мейрамкуль 28.10.2021
Менын сынылым де жумыссыз калып еды 4 ай 3000 мыннан гана алды
Жауап беру
Б
Бағлан 28.10.2021
Алла қаласа Нұрсұлтан қаласынан,Трюмфалный районе үй аламын!
Жауап беру
Р
Раяна 28.10.2021
Аумин ИншАлла Алла нәсіп етсін!
Жауап беру
Н
Назбиби 28.10.2021
Менің жолдасым жұмыстан шығып қалға ала алама осы жәрдемді.. Кв жалдап турамыз.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл