Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорған облысы Текелі қаласы маңындағы таулардан қаза тапқан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін 14 жастағы Карина Дорохинаның денесі табылды. Карина 2023 жылдың қараша айының басында жоғалып кеткен. Оны іздеу туралы дабыл қаққан туған тәтесі еді. Ол жиенінің Каринадан бөлек үш бауырымен, анасымен және өгей әкесімен бірге тұратынын айтқан.
«2023 жылдың аяғында Ресейде тұратын апамыз немересіне жаңа жылдық сыйлық беріп жібергенін айтты. Біз Карина оқыған Ушинский атындағы мектепке келгенімізде, қызды онда болмады. Тәрбиешілер оның осы тоқсанда мектепке келмегенін хабарлады. Мұғалімі мен учаскелік инспектор Каринаны іздеп үйіне барғанда, анасы қызын басқа мектепке ауыстырғанын айтқан. Қызды ол мектептен де таппадық. Кейін анасы меңгерушіге қызын Ресейге әжесіне жібергенін айтқан, бірақ Карина онда да болмай шықты. Біз жиеніміз үшін уайымдап жүрміз, қазір оның тіпті аман табылуы да екіталай», - деді Каринаның тәтесі.
Полиция осы ақпарат тарағаннан кейін іздеуге кірісті. Сондай-ақ, Карина оқыған мектеп басшылығы 28 желтоқсанда ғана Талдықорған полициясына бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Кәмелетке толмаған азаматшаны іздеумен Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері, Жетісу облысы полиция департаментінің (ПД) іздеу бөлімінің жедел қызметкерлері, әскери қызметшілер мен еріктілер айналысты. Қыздың жақын таныстары, ата-анасы мен туыстары сқраққа алынды. Бейнебақылау камералары қаралып, такси тұрақтары тексерілді.
Қызының жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен оның анасы ұсталды. Қызын өлтірген әйелдің мойындаған айғақтарынан кейін қыздың денесі Текелі жанынан іздестірілді. Әйелдің айтуынша, күйеуі екеуі оны қарға көмген. Бастапқыда іздеу оң нәтиже бермеді, дегенмен полицейлер қаланың барлық аумағына бөлінді. Қазір тау бөктерінде қар көп болғандықтан іздестіру жұмыстары қиынға соққан.
Қазіргі уақытта Каринаның өгей әкесі де күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынар алдында Президентке, Бас прокурорға және ішкі істер министріне бейне хабарлама жазған. Онда ол жұбайының заңсыз ұсталғанын, оған адвокаттар жіберілмегенін, жеке гигиена заттарын беруге мүмкіндік бермеді деп наразылық білдірген.
Өңірдің ПД баспасөз қызметі тексеруден кейін тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы дәлелдер расталмағанын хабарлады. Ұсталған адамның тергеудің алғашқы күндерінен бастап тергеу әрекеттеріне қатысатын адвокаттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауында.