Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет балабақшаларды қаржыландыруды бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2023-2024 жылдары бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 24 балабақша меңгерушісі анықталып, келтірілген залал сомасы 171,4 миллион теңгені құраған.
Бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Антикор акиматтармен бірлесіп, балабақшаларға сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмайтын ақпараттық жүйелерді енгізу жобаларын жүзеге асыруда.
- Мысалы, Алматы және Қызылорда облыстарында балалардың қатысуын есепке алу процесін автоматтандыру үшін биометриялық сәйкестендіру және QR-код механизмдері қолданылып, оның негізінде электрондық табель құрылады, сол арқылы жан басына қаржыландыру жүзеге асырылады, - делінген Антикор хабарламасында.
Қабылданған шаралар жалған балабақшалардың құрылуын болдырмауға, мектепке дейінгі мекемелерге іс жүзінде бармайтын балаларды есептен шығаруға және бюджет қаражатын 3,8 миллиард теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
- Таразда бұл жоба балаларды балабақшаға қабылдау процесін автоматтандыруға, ваучер алу кезегін нөлге дейін қысқартуға, балабақшаға іс жүзінде бармайтын 9 000-ға жуық баланы анықтауға және екі айда 600 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.