Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда Антикор қызметкерлері қытай азаматының 20 мың долларын алдап алуға әрекеттенгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында атап өткендей, Агенттіктің екі қызметкерінің құқықбұзушылық жасағаны анықталды.
- Муталиев және сыбайласы Аманбаев азаматтардың құқықбұзушылыққа қатысы анықталды. Алматы қаласының Медеу сотының үкімімен олар қытай азаматының 20 мың долларын алдап алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Бұл, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін оны елден шығаруға шара қолданбағаны үшін деген негізде жасалды. Сонымен қатар, Аманбаев пара беруге итермелегені үшін 3,5 жылға, ал Муталиев 5 жылға сотталды, - деп хабарлады Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров.