Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Степногорск қаласында ер адамның бастауыш сынып оқушысын ұрып-соққан сәті бейнеленген видеоға полиция жауап қайтарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде осы оқиға түсірілген видео тараған болатын. Бейнежазбада ер адамның балаға жақындап, оны қолынан ұстап, жұдырықтап, тіпті тізесімен ұрғаны анық көрінеді. Содан кейін ол баланы қарға лақтырып жіберген. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жанжал бастапқыда балалар арасында болған, кейін оған олардың бірінің әкесі араласқан.
- Қақтығысқа қатысушылардың барлығының жеке басы анықталды, ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою бойынша шаралар қабылдануда, – деп мәлімдеді полиция.
Жасөспірімдердің ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеледі.