Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қолайсыз ауа райына байланысты жабылған тас жолдардағы 700-ден астам жүк және жеңіл автокөліктерден тұратын 5 автоколоннаны өзімен ертіп алып шыққан Ақмола облысының полицейлері межелі жеріне сәтті жеткізді, деп хабарлайды, Dauletten.kz.
Патрульдік жасақтар жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайға (қар, көктайғақ, жаңбыр) байланысты жабылған тас жол учаскелерінде қалып кеткен 770 көлік құралын, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарын бірнеше бағытта ертіп жүрді.
Көліктер қалып кеткен жабық тас жолдар мыналар: Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі Екатеринбург – Алматы халықаралық маңызы бар трассалар, Қостанай қаласының шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскке дейінгі Астана - Петропавл Республикалық маңызы бар трассалар, Жезқазған – Петропавл, Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідерті.
фото: polisia.kz