Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысындағы мешітте газ жарылысы болып, салдарынан 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сабынды ауылындағы жарылыс ғимараттың толықтай қирауына әкелген. Үйінділер астынан ер адам, әйел адам және 12 жастағы баланың денелері табылды.
Жарақат алған 16 адам Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар үйінді астынан алты газ баллонын шығарған.
- Облыстық ТЖД құрамынан 30 құтқарушы, 5 техника, жедел-құтқару жасағының мамандары, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, психологтар және кинологтар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді өңірдің ТЖД.
Оқиғаға байланысты аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.