Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады
Жаңалықтар

Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады

27.06.2020
1 мин
0
1157

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Автомобиль көлігі туралы" заңға толықтыру енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

ЕАЭО аумағында халықаралық тасымалды жүзеге асыратын алты мыңнан астам жүк көлігі жіті бақылаудан өтеді. Бұған дейін тиісті заңды парламент қабылдады.

Толықтырулар аясында елге заңсыз транзиттік тауардың кіруіне тосқауыл болатын жүйе пайда болады. 

Құжат парламентте қаралған кезде депутаттар Қазақстанға транзит ретінде кіріп, заңсыз елде қалатын көліктер жиі кездесетінін алға тартқан. Кейін көліктегі тауар Қазақстанда заңсыз сатылады. Салдарынан салықтар төленбей, көлеңкелі экономика пайда болады.

Тасымалдаушылар электронды идентификаторды (навигациялық пломба) қолдануға міндеттеледі. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі халықаралық тасымалды қадағалаушы ұлттық операторды анықтау бойынша өтемақы алады.

Енді 6200 жосықсыз тасымалдаушы жіті қадағаланады. Бұл Еуразиялық кеңістікте жүзеге асырылатын тасымалдар санының 6 пайызына тең.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл