Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың проблемалық несиелер көлемі 827 млрд теңгеге жеткен
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың проблемалық несиелер көлемі 827 млрд теңгеге жеткен

03.04.2023
1 мин
0
828

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының ақпан айындағы мәліметін жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандықтардың басындағы проблемалық несие 90 күн ішінде 12 млрд теңгеге артқан. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 815 млрд теңге болған еді. Осы 827 млрд теңгенің 504 млрд теңгесі - жеке тұлғалардың мойнында.

Қалған 323 млрд теңгесі - заңды тұлғалардыкі. Мұның ішінде шағын және орта бизнестің де «үлесі» бар.

«1 наурыздағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредит портфелінің жалпы көлеміндегі үлесі 3,4%-ды немесе 827 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басында - 3,4% немесе 815 млрд теңге). Жеке тұлғалар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,8%-ды немесе 504 млрд теңгені (1 қаңтар 2023 жыл – 3,7% немесе 493 млрд теңге) ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалар портфелінде – 3,0% немесе 323 млрд теңге (1 қаңтар 2023 жыл – 3,0% немесе 321 млрд теңге)», - деп жазылған шолуда.

фото: naryk.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл