Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстауда Rixos Aktau қонақүйіне қатысты іс қозғалды. Облыстық экология департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде «Aktau Tourism Ltd» тарапынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР ӘҚБтК-нің 331-бабының 2-бөлігі «Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» 328-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істер қозғалды.
«Қоршаған ортадағы антропогендік әсер ету нормаларын бұзу» бойынша әкімшілік іс басталды. Анықталған заң бұзушылықтарды жою және ластаушы заттардың рұқсат етілген нормаларына сәйкес тазарту дәрежесіне жеткенге үдейін немесе қаланың кәріз желілеріне сарқынды суларды ағызғанға дейін Қаракөл көліне ағынды суларды жіберуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылды.
21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған. Олардың саны қазір 870-ге жетіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, бастапқы тексеріс қорытындысы «аққулар құс тұмауынан өлген» болуы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін мамандар «құстар жем таппай суықта қырылған» деген тұжырым жасаған.
Rixos Water World Aktau қонақүйі — Қазақстандағы алғашқы курорттық қонақүй. 2020 жылы тамызда ашылған. Ресми дерек бойынша, құрылысына 67 миллиард теңге қаржы кеткен нысанды ашуға Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан.