| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа тәртіпке сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ерікті зейнетақы жинақтары енді азамат өтініш бермей-ақ автоматты түрде төленеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
БЖЗҚ хабарлауынша, автоматты төлем зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ осы уақытқа дейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлем алған жоқ азаматтарға қатысты.
Бұл төлемдер мемлекеттік бюджеттен берілетін негізгі зейнетақыны немесе міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша төлемді рәсімдеген кезде қатар тағайындалады. Яғни негізгі зейнетақы рәсімделген сәтте ерікті жарналардағы жинақ та автоматты түрде есептеліп, төленеді.
Төлем тәртібі жинақ көлеміне байланысты:
Егер жинақ ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, қаражат біржолғы төлем ретінде беріледі.
Ал бұл сомадан асқан жағдайда төлемдер ай сайын, жинақ толық таусылғанға дейін жүргізіледі. 2026 жылы біржолғы төлемнің шекті мөлшері 828 588 теңге.
50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар төлемді өздері де рәсімдей алады. Ол үшін БЖЗҚ-ның ресми сайты, мобильді қосымшасы немесе қор бөлімшелеріне өтініш беруге болады.
Жаңа жүйе төлем алу процесін жеңілдетіп, жинақтардың пайдаланылмай қалу қаупін азайтуға бағытталған.