475.31
555.54
6.05
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Наурыз айында қандай мамандық иелеріне ең жоғары жалақы ұсынылды?
Жаңалықтар

Наурыз айында қандай мамандық иелеріне ең жоғары жалақы ұсынылды?

09.04.2026
мин
0
303

Наурыз айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,6 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме орналастырды. 2026 жылдың басынан бері платформада 304,3 мың бос жұмыс орны және 394,4 мың түйіндеме жарияланған, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ақпан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға артты, ал түйіндемелер саны 14,3%-ға қысқарды. Нәтижесінде еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық едәуір қысқарды: қаңтар айында түйіндемелер саны бос жұмыс орындарынан шамамен 60 мыңға артық болса, ақпанда бұл көрсеткіш 26 мыңға дейін төмендеді, ал наурыз қорытындысы бойынша айырмашылық шамамен 4,5 мың түйіндемені құрады.

Салалық құрылым бойынша сұраныста білім беру саласы (22,6 мың бос жұмыс орны) және өзге де қызметтер көрсету бағыты (21,2 мың бос жұмыс орны) көш бастап тұр. Сонымен қатар денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (8,7 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (7,9 мың бос жұмыс орны) сұраныс жоғары деңгейде сақталуда.

Өңірлік бөлініс бойынша бос жұмыс орындарының көбі Түркістан (7,7 мың), Қарағанды облыстарында (7,6 мың), Астана қаласында (7,2 мың), Павлодар (7,2 мың) және Атырау облыстарында (6,5 мың) тіркелді.

Біліктілік деңгейі тұрғысынан сұраныс құрылымында орта деңгейдегі білікті мамандарға деген қажеттілік басым – олардың үлесі барлық бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ын құрайды. Біліктілігі төмен позицияларға сұраныс 31% болса, жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 29% деңгейінде қалыптасты.

Жұмыс іздеушілердің ішінде 35 жасқа дейінгі үміткерлер үлесі басым – 42%. 35-44 жас аралығындағы азаматтар 26%-ды, 45-54 жас аралығындағылар 20%-ды, ал 55 жастан асқандар 12%-ды құрайды. Гендерлік бөліністе: 54% – әйелдер, 46% – ерлер.

Жұмыс күші ұсынысының біліктілік құрылымы жалпы алғанда сұранысқа сәйкес келеді: түйіндемелердің 42%-ы орта білікті мамандарға, 30,5%-ы жоғары білікті мамандарға және 27,5%-ы төмен білікті үміткерлерге тиесілі.

Наурыз айында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасары (≈1,4 млн теңге), бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы (≈1,38 млн теңге) және өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысы (≈1,14 млн теңге) бар.

Ал жұмыс іздеушілер арасында HR бизнес-серіктесі (≈4,2 млн теңге), каротажшы (≈3,0 млн теңге) және өнеркәсіп саласындағы зертхана басшысы (≈2,5 млн теңге) лауазымдарынан жоғары жалақы күтетіні байқалды.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15609 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл