475.31
555.54
6.05
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді педагогтер пәндік бағалау тестін тапсырмайтын болды
Жаңалықтар

Енді педагогтер пәндік бағалау тестін тапсырмайтын болды

08.04.2026
мин
2
489
Сурет: Егемен Қазақстан

Оқу-ағарту министрі ұстаздарға қатысты жағымды жаңалықты жариялады. Енді педагогтер пәндік бағалау тестін тапсырмайтын болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқу-ағарту министрі өзінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдерге қатысты маңызды өзгерісті хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған.

- Құрметті ұстаздар, сіздерге арналған сүйінші жаңалықпен бөлісемін! Мемлекет басшысының тапсырмасымен ОЗП аясындағы ұстаздардың пәндік бағалау тесті тоқтатылды. Бұл – педагогтерге көрсетілген үлкен сенім мен жанашырлықтың айқын көрінісі деп есептеймін. Осыған байланысты баршаңызды құттықтаймын! Сәйкесінше, тиісті хат барлық басқармаларға жолданды, – деп айтты өз сөзінде министр.

Осыған дейін пәндік бағалау тесті ұстаздар үшін міндетті талаптардың бірі болып келген еді.

Ал, бұл өзгеріс ұстаздар үшін көптен күткен жеңілдік болды деуге негіз бар. Пәндік бағалау тестінің тоқтатылуы олардың уақытын үнемдеп, негізгі жұмысқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. 

Ендігі кезекте бұл бастаманың іс жүзінде қалай жүзеге асатыны және білім сапасына әсері басты назарда болмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Н
Нуржамал 08.04.2026
Ал алғаш жұмысқа тұратын үшін қалай болмақ, тестке тіркеліп қойып едім
Жауап беру
А
Аида 08.04.2026
Енді басқаша өзгертіп,миымыз тағы ашиды десеңізші.Партфолио жинаудың өзі оңай емес.Бәрі ақша .Мұғалімдерге талап көп,жалақы аз.Педагог мәртебесі ол жоқ,аты ғана
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл