| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдың мамыр айында мерекелердің көп болуына байланысты қазақстандықтар үшін демалыс күндері көбейеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл мамыр айында Қазақстанда бірнеше мемлекеттік және діни мереке атап өтіледі. Атап айтқанда, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушы күні, 9 мамыр — Жеңіс күні және 27 мамыр — Құрбан айттың бірінші күні.
Күнтізбеге сәйкес, 9 мамыр сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 11 мамыр — дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар мамыр айында жалпы 14 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс режимінде жұмыс істейтіндер үшін 9 демалыс күні қарастырылған.