Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Америка Құрама Штаттары халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19-ға қарсы көмек ретінде 2,4 млн доллар бөледі, деп хабарлайды Dauletten.kz АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.
"Бұл көмек нақты деректерге негізделген вакцинаны бөлу жөнінде шешім қабылдауға; вакциналар туралы дезинформациямен күресуде жергілікті әлеуетті нығайтуға; COVID-19 гендерін секвенирлеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді нығайтуға; Қазақстанда вакциналардың дайындығы мен жеткізілім деңгейін арттыруға ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Пандемия басталғаннан бері Қазақстанға COVID-19-ға байланысты 6,8 миллион доллар көлемінде қосымша көмек бөлінді.
USAID 5000-нан аса медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қатысты, соның ішінде инфекциялардың алдын алу және олармен күресу және биоқауіпсіздік принциптері бойынша білім берді.
"АҚШ COVID-19 пандемиясын тоқтату, оның әлеуметтік және экономикалық салдарын жеңілдету және болашақта індетке жақсы дайын болатын әлемді қалпына келтіру үшін Қазақстанмен серіктестік орнатуға дайын. Биыл АҚШ миссиясы Қазақстанмен әріптестіктің 30 жылдығын атап өтеді. 20 жылдан астам уақытта Америка Құрама Штаттары Қазақстанға 2 млрд доллар инвестиция жұмсап, оның ішінде туберкулез бен АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 млн доллардан астам қаражат бөлді", - деп қосыт елшілікте.