Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ үкіметі Алматыда консулдық ғимарат салу үшін Қазақстаннан 70 мың шаршы метрден астам жерді 49 жылға жалға алмақшы, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарайды.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның айтуынша, келісімге 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.
– Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеменің ғимаратын салу және пайдалану үшін 70 мың шаршы метрден астам жер учаскесін 49 жылға жалға беру. Келісім нормаларында жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары анықталған. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және оған қорытынды дайындауға дайын, – деді депутат.