| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 28 қазанда сағат 9:03-те 32В шағынауданында "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер, 4 техника жіберілген.
Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан үш ересек адам және екі бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.