Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетінші сынып оқушысы Әлішер Асқар суға батып бара жатқан адамға шұғыл көмек көрсететін құрал жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба шағын білезік пен құтқару қайығынан тұрады. Әлішер енді осы жобасын республикалық байқауға ұсынуды жоспарлап отыр. Сабақтан тыс уақытын стэм-кабинетте өткізетін ол, робототехникаға деген қызығушылығын екінші сыныптан бастап қалыптастырған. Құтқару құрылғысы – оның кезекті туындысы.
- Адам суға батқанда білезік сигнал береді. Осылайша құтқарушылар көмекке келіп, сигнал түскен жерді тез анықтай алады, - дейді ол. Жоба авторы Әлішер Асқар:
Біздің құтқару құрылғымыз маяк датчигі арқылы көмекке мұқтаж адамды микротолқындар арқылы тауып, оны құтқара алады. 2023 жылы Ақшұқырда үш бала ашық теңізге кетіп қалғанын білесіздер. Осындай жағдай қайталанбас үшін осы жобаны ойлап таптым.
Оқушының айтуынша, бұл құрылғы Төтенше жағдайлар қызметінің қажеттілігін өтей алады. Ол ұстазының көмегімен жоба макетін бір ай ішінде құрастырған. Келесі мақсаты – құтқару құрылғысын жетілдіру. Алдағы уақытта Каспий жағасындағы демалыс орындарында сынақтан өткізіп, басқа өңірлердегі туристік аймақтарда қолдануды жоспарлап отыр.
Робототехника пәнінің мұғалімі Марат Атаназаров:
Әлішер Асқардың жобасындағы ең басты ерекшелік – оның идеясы. Қазіргі таңда дамып келе жатқан туристік бағыттар үшін бұл жоба өте маңызды. Себебі адамның өмірі бірінші орында. Облыс әкімі мектепке келгенде, біз осы жобаны таныстырдық. Оқушының ерекше жобасы әкім тарапынан қолдауға ие болды. Әлішерге құрылғының прототипін жасау үшін қажетті көмек көрсетіледі.