Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде асыл тұқымды ірі қара малға бөлінетін несие алып, оны қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген 3 азамат анықталды. Тергеу барысында олардың жалған құжаттарды пайдаланғаны белгілі болған.
Еске сала кетсек, Қазақстанда "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылшаруашылық өндірісті дамытудың басым бағыттары бойынша несиелік бағдарламаларын іске асыратын, АӨК дамыту саласында қызмет жасайтын "Аграрлық несие корпорациясы" ірі қаржы ұйымы жұмыс істейді.
Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы ұсталғандар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген. Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.