| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таразда алаяқтарға SIM-карталар тауып беріп отырған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласында азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, SIM-карталарды тіркеп, криптовалюта арқылы табыс тапқан екі күдікті анықталды.
Олардың пәтерін тінту барысында телефондар, ноутбук және SIM-карталары тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу барысында күдіктілер Telegram желісіндегі интернет-алаяқтардың топтарына қосылып, сол жерде жіберілген азаматтардың ЖСН деректеріне SIM-карталарды заңсыз тіркеп отырғаны анықталды.
Бұл нөмірлер арқылы алаяқтар азаматтарға хабарласып, түрлі қызмет өкілдері ретінде алдап, алаяқтықпен ақшаны заңсыз иемденіп отырған. Әрбір тіркелген нөмір үшін күдіктілерге 3-5 USDT көлемінде криптовалюта төленген.
Полиция азаматтарды күмәнді онлайн-жұмыстарға кірмеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.