Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Аралтұз" қалай "Славяночкаға" айналды

26.11.2024
1 мин
0
216
Сурет: kungur.bezformata.com

Әлеуметтік желіде Жұмагүл Ізбайқызы есімді қолданушы дүкеннен тұз сатып алу кезінде “Аралтұз” іздеп, оның орнына сол дизайнға ұқсас қаптамада “Славяночка” атты өнімді көргенін айтып, пікір қалдырды. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБА

- “Бүгін дүкенге “Аралтұз” алайын деп келсем, “Славяночка” тұр. Бірақ, жақынырақ қарап, көк түсті “Аралтұзды” іздедім. Менеджерден сұрасам, «Міне тұр», – деп көрсетеді. Сөйтсем, “Славяночка” болып кеткен “Аралтұз” екен. Қаптамасында өндіруші ретінде “Аралтұз” АҚ, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті деп көрсетілген. Енді “Славяночкасы” несі екен деп ойланып қалдым”, – деп жазды қолданушы.

Жазбаға пікір қалдырған кейбір қолданушылар “Аралтұз” сауда маркасын Ресей сатып алған болуы мүмкін деп болжам жасаған. Ал журналист Кәмшат Тасболат өз парақшасында: «Аралтұз» қашан «Славяночкаға» айналды? Бұл туралы нақты ақпарат бар ма?» – деп сауал қойды.

КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАБЫ

Компанияның өкілі Шолпан Қалдарбекова ас тұзының бірнеше сауда маркасы бар екенін атап өтті. Оның ішінде “Славяночка” бұрыннан өндіріліп келе жатқан өнім екенін, ал “Аралтұз” өз орнында екенін мәлімдеді.

“Славяночка” туралы қосымша ақпарат жазбаша сауал арқылы берілуі мүмкін екенін де атап өтті. Компанияның ресми сайтында да ас тұзының әртүрлі түрлері туралы мәлімет бар, олардың ішінде “Славяночка” және “Аралтұз” маркалары көрсетілген.

Бұл жағдай, әсіресе брендтің атауы мен қаптамасының өзгеруіне қатысты мәселелерге сезімталдық танытатын тұтынушылар арасында қызу талқыға себеп болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл