Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Asar Baspana” қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Жаңалықтар

“Asar Baspana” қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

11.03.2025
1 мин
2
571
Сурет: sarapshy.info

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.

Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен.

Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып "Asar Baspana" логотипімен таңбаланған.

2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.

Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге ауыстырған.  Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.

Алайда, тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, "Gold" деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген.

"Platina" бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді.

Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген.

Сонымен қатар Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды.

1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған.

2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ж
Жулдыз 11.03.2025
Уважаемые депутаты Мы простой народ ,в том числе я и мои дети увидели в проекте Асар Баспана свет в конце тунеля Пожалуйста пойдите народу навстречу Нурбол мырза самый лучший Народный Человек Мы очень любим дорожим этим Человеком Помогите нам ,всему народу ,кто поверил Нурбол мырза и зарабатывали в его проекте Благодарю за понимание
Жауап беру
У
Утепова Кундыз 11.03.2025
Жалган акпарат салып халыкты арандатуда бул жоба АФМ тексерисынен 2 рет откен неге ал сол кезде жауып тастамады пирамида болса енды осыншама акшаны оздерине алып калу ма максаттары халыкты ойлайтын бирку барма жогарыда откан басшылар , неге бул жоба оз жумисын жалгастырмаска бары занды турде налогу баскасы бары толенып отыр. Руксат бериниздер бул жоба оз жумисын жалгастырсын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл